Jusan Vibe
Алматы, 2023-2024

Jusan Vibe — заманауи мәдениет пен өнерге арналған мультимедиа кеңістігі. Жоба аясында Jusan Bank қазақстандық креативті таптың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен дамуы үшін ашық алаң ұсынады. Көрмелер, дәрістер, шеберлік сабақтары, перформанстар мен музыкалық қойылымдар — осы форматтардың барлығы жаңа кеңістіктен орын табады.

Jusan Vibe — шығармашылық индустриялардың барлық бағыттарына арналған бір түрлі зертхана: заманауи өнер, дизайн, сән, сәулет, музыка, театр және т.б.

2023
«Алматы салоны» — Париж салондарының үлгісінде жасалған алғашқы ауқымды көрме, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-тен астам суретші қатысты.

Шамиль Гулиевтің жеке көрмесі «Republic of Turan». Экспозицияның негізін концептуалды «Туран маркалары» сериясы құрады — ойдан шығарылған мемлекеттің пошта маркалары стилінде жасалған 20-дан астам ірі кескіндеме туындысы.

Заманауи өнер жәрмеңкесі «Ala Art Fair». Орталық Азиядағы алғашқы ірі халықаралық өнер жәрмеңкесі. Алаң өңірдің галереяларын, коллекционерлерін және өнертанушыларын біріктірді.

2024
Jusan Vibe кеңістігінде Қанат Бөкежановтың ауқымды жеке көрмесі «Бөкежанов антропологиясы» деген атпен өтті. Көрме күнделікті уайымдарға қарсы салмақ ретінде қуаныш, рахат және бейқамдық күйінде жүрген адамдарды зерттеді.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.