Өмірге өмір жалғассын...
қатерлі ісікті жеңгендер туралы көрме

17.02 - 05.03.2023 ж

Қатысушылар: Георгий Трякин-Бухаров, Бақыт Бубиканова, Асхат Ахмедияров, Аружан Жұмабек, Мөлдір Сағындықова, Олег Зуев, Оксана Акулова.

TSE (Астана, Қазақстан)

Куратор: Оля Веселова
Көркем жетекшісі: Риза Тәжиева
«Сениминмен» қоры: Динара Құсайынова,
Айдана Ғалымова, Әйгерім Жарылғасова, Әйгерім Қазизова
Дизайнер: Айғаным Ержанова
Аудармашылар: Әсел Алпысова, Перизат Кәрімқұл Қоюшы: Павел Титоренко, Ролан Жұмабаев, Рафаэль Сәмбетов
Суреттің авторы: Ықыласов Нұрсұлтан

Ұйымдастырушы: Seniminmen Foundation

Қазақстандықтардың қиын онкологиялық диагнозға қарамастан өмірге деген талпынысын сипаттайтын эмоциялар баяны. Өмірдің беймәлім кезеңіне аяқ басқан адамдардың толғанысы мен сезімдерін көркем өнер арқылы түсіну. Біз көрмеге келушілерді сырқат пен қиындыққа қасқайып қарсы тұра білген жандармен осы жолды бірге жүріп өтуге шақырамыз. Өнердің сезімтал сипаты арқылы әрбір адам өзіне жанашыр әрі мейірімді бола түседі деп үміттенеміз. 

Тосқауыл, берік бөгет, белгісіздіктен қорқу. «Өмірге өмір жалғассын...» көрмесіне келушілерді қарсы алатын Бақыт Бубиканованың инсталляциясы осындай сезімдерді тудырды. Онкологиялық диагнозды естіген адамдар ішкі уайымын әдетте осылай сипаттайды. Экспозицияны қиындықты еңсеруден бастауымыз сізді пациент пен оның сауығу жолы жайлы ауыр әңгімеге ден қоюға ынталандырады деп сенеміз.

Сырқат біздің тән иесі екенімізді еске салады. Көрмеміздің біраз бөлігі адам тәнін тануға бағытталған. Аружан Жұмабек пен Георгий Трякин-Бухаровтың шығармалары тұлға мен тәннің эмоционал байланысын және сана мен физикалық дене арасында біз таңдайтын өзара әрекеттесу жолдары мен қарым-қатынас сипатын зерттейді.

Асхат Ахмедьяровтың коллаждар сериясы бейнеті көп медициналық ем-шаралар әсерінен туындайтын паранойя шегіндегі алай-дүлей күйді суреттейді. Сізге таныс әлем шыр айналғанда бейсана қорқыныштар оянып, меңдей түседі.

Өзінің мәңгілік емес екенін түйсінген адам өзін тануға талпынып, болмысын ашып, қолынан не келетінін түсіне бастайды. Олег Зуевтің әртүрлі жағдайды суреттейтін фотопортреттері мен Оксана Акулованың мәтіндері қатерлі ісікке шалдыққан үш кейіпкердің оқиғасын баяндайды.

Көрме түйіні – Мөлдір Сағындықованың картинасы. Анри Матистің атақты «Биіне» еліктей салынған туынды өмірді жарқын түстерде жырлайды. Үміт сыйлап, қуанышқа бөлейді. Дәл осы сәтте бұл сырлы сезім сіздің де тұла бойыңызды баурап аларына деп сенеміз. 


2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.