Астанадағы алғашқы мурал 2017 жылы біздің фестиваль аясында пайда болды. Бейбітшілік көшесі, 1-үй қабырғасында салынған «Астанадан ашықхат» муралы қала тарихынан сыр шертеді. Бұл бастама жұртшылықтың сүйіспеншілігіне ие болып, Астана кеңістігінде көше өнерінің дамуына серпін берді.
Фестивальдің басы-қасында Сарыарқа ауданының әкімдігі болды, Urban Art Astana-ның барлық нысандары осы аймақта орналасқан. Ауданның салмақты саясатының арқасында фестиваль Қазақстанда алғаш рет қала тұрғындарын елорданың келбетіне қатысты шешімдер қабылдауға тарта білді.
Осы ретте Urban Art Astana фестивалінің ерекше мақтанышы деп эскиздерді іріктеу жүйесін атауға болады. Орта есеппен алты айға созылған жұмыс мынаны қамтиды: суретшілерге арналған ашық байқау, кәсіби қазылар алқасын таңдау, тұрғындардың онлайн дауыс беруі, фокус-топтар, қала құрылысы кеңесі және, әрине, таңдап алынған үйлердің тұрғындарымен келісу.
Фестиваль өткен үш жыл ішінде әлемнің 26 еліндегі 140 суретшіден 300-ден астам эскиз келіп түсті. Осы уақыт ішінде заманауи өнердің 14 монументал объектісі пайда болды.
Біздің авторлар: Костя Zmogk, Евгений Ches, Әйгерім Оспан, Doxa арт-тобы, Кадмий Красный, Александра Калачева, Дмитрий Левочкин, Air_g_art, Самир Салахов, Максим Реванш, Cross team, Дамир Bozick Art, 310 арт-тобы, Илья Соколов, Асхат Ахмедияров, Никита Ходак және Ринат Абдрахманов.
Фестивальдің тұрақты серіктесі болған Tikkurila компаниясы. Бұл материалдың сапасы туралы еш алаңдамауға және фестиваль бюджетін оңтайландыруға көмектесті.
Сонымен қатар халықаралық серіктестеріміз – Украинаның Mural Social Club фестивалі мен Францияның Apollonia өнер қауымдастығына алғыс айтамыз. Бұдан бөлек қаладағы өзгерістерді жүзеге асыруда Астанадағы урбанистика орталығымен тұрақты және маңызды жұмыстар атқардық.
Жобамыз қазақстандық және әлемдік БАҚ-тың назарына ие болды. «Сұлтандар» және «Табиғат тақырыбына коллаж» муралдары Street Art News дайджестіне ілінді. Біздің куратор Оля Веселова Ригадағы қалалық мәдениет туралы халықаралық конференциясына (Medicines for worlds ghettos), Астананың 20 жылдығына арналған Халықаралық сәулет конгресінде және TEDxAstana конференциясында Urban Art Astana тәжірибесі жайлы ой бөлісуге шақырылды.