Тояттау өнері 2021 жылғы 27 қараша мен 2022 жылғы 16 қаңтар аралығы Алматы, Қазақстан Glyph креативті шешімдер агенттігі арт-кеңесші және куратор Оля Веселовамен (Art & Creative Solutins) бірлесіп «Тояттау өнері» жобасын ұсынды. Бұл кеңестік суретші Сергей Калмыковтың экспозициясы және Аружан Жұмабек, Әсел Нүсіпқожанова мен Suinbike сияқты қазақстандық жас суретшілер мен дизайнерлердің жұмыстарынан тұратын заманауи өнер туындыларынан тұратын көрме. Жобаның көрме алаңы ретінде abr-дың танымал мейрамханалары таңдалды: «Афиша», «RAW», «Cafeteria», және «Americano Bar». Жобаның бас серіктесі – премиум санатты жылжымайтын мүлік нарығында 40-тан астам жобаны жүзеге асырған Nef халықаралық даму компаниясы. Қазіргі уақытта қала мәдениеті гастрономиямен тығыз байланысты және тамақтану бәріміз үшін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Тамақтану мәдениеті біздің нені ішіп-жейтініміз ғана емес, қай жерде ауқаттанатынымызды да анықтайды. Мейрамханалардың ерекше атмосферасы тұтыну сапасын қалыптастырады. Бұл жобада біз тояттану сезіміне баса назар аудардық. Бұл сезім тек өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруды ғана білдірмесе керек. Біз жобаны тамашалауға келген әр қонаққа мағынаға, идея мен символдарға толы тағамнан ләззат алуға мүмкіндік береміз. Арнайы таңдалған өнер туындылары жоба тұжырымдамасын қуаттап, әр мейрамхананың атмосферасын арттыра түседі. Олар тек материалдық тұрғыдағы тоюды білдірмейді, сонымен қатар адам жанының «тоят табуына» ықпал етеді. |