TEDxAstana
TED Қорының жаһандық видеоқорын қалыптастыратын бірегей идеяларды іздеуге бағытталған ғылыми-көпшілік конференция.

Астанада TED лицензиясы бойынша 6 рет өткізілді.
TEDxAstana конференциясы – TED қорының арнайы лицензиясымен өтетін тәуелсіз іс-шара. Міндеті – Қазақстанда бәріне ортақ болатын бірегей идеяларды іздеу және тарату.
TED (Technology, Entertainment, Design сөздерінің аббревиатурасы — технология, ойын-сауық және дизайн) — жыл сайынғы конференцияларымен танымал америкалық коммерциялық емес жеке қор. Көп жылдан бері TED конференциялары түрлі мамандық иелерінің ойы мен идеясын ортаға салатын, кейін оны подкаст, аудио және видео түрінде бүкіл әлемге тарататын алаңға айналды. TED конференциясының миссиясы — бірегей идеяларды тарату (ideas worth spreading).
TEDx – әртүрлі елде, қала мен қауымдастықта жеке адам немесе топ болып TED стилінде тәуелсіз конференция ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жоба. TEDx форматы ауызша баяндама түрінде өтіп, соның негізінде видеолар жасалады (TEDxTalks). Кейін бұл видеолар әрі қарайғы пікірталасты жалғастырып, белсенді қоғамдастық құру мақсатында TED желілерінде таратылады. Әлемде жыл сайын 3000-нан астам TEDx конференциясы өтеді.
Қазақстанда TEDx форматындағы конференциялар 2010 жылдан бері, ал Астана қаласында 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. TEDxAstana конференциясына жыл сайын 400-ден астам адам қатысады, олардың қатарында ғылым, медицина, технология, білім мен бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, өнер қайраткерлері және Қазақстанның белсенді азаматтары мен қонақтары бар.
TEDxAstana конференциясы аясында спикерлер баяндамасынан бөлек, көрмелер мен воркшоптар ұйымдастырылып, тәуелсіз театрлар мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді.
TEDxAstana-ның қазіргі лицензиаты 5 конференция ұйымдастырды:
1) TEDxAstanaWomen
2016 жылы 29 қазанда өтті
Басты тақырыбы – «Уақыт келді» («Время пришло»)
Конференцияны Сан-Францискода өткен TED Woman Global 2016 форумының сәтті жалғасы деуге болады.
Конференция барысында спикерлер ер мен әйелдің әлеуметтік рөлдері және адамдардың өздері жасап алған шектеулер турасында ой қозғады.
Александра Цайдың жетекшілігімен аңызға айналған «Қызыл трактор» арт-бірлестігінің көрмесі өтті.
2) TEDxAstana 2018
2018 жылы 10 шілдеде өтті
Басты тақырыбы – «Жаңа тыныс» («Второе дыхание»)
Конференцияда өзгерістер мүмкіндігі, олардың алуан түрлілігі мен сұлулығы туралы идеялар мен әңгімелер талқыланды. Спикерлер дәйекті және шығармашыл болудың маңызы туралы, үмітті жоғалтпай, жаңа мағына мен мақсат табудың, тоқтау мен қайта туудың, өткеннің баға жетпес сабағы мен жаңа мүмкіндіктер жайлы, сонымен қатар өзгеріс жолына түскен әр адамның есінде болуы керек феномен туралы ой қозғады.
Айгерім Қапар мен Вато Церетелидің жетекшілігімен арт воркшоп пен көрме ұйымдастырылды.
3) TEDxAstana 2019
2019 жылы 15 қыркүйекте өтті
Басты тақырыбы – Under One Sun («Бір күн астында»)
Конференцияда прогрестің қоршаған ортаға және экономикаға әсері туралы қалыпты түсінікті өзгертетін идеялар, өмір салтына әсер ететін және болашағымызды алдын ала анықтайтын әлеуметтік және мәдени құбылыстар, заманауи инновациялар мен технологиялардың қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін шешудегі мүмкіндіктері талқыланды.
I-fly музыкалық ұжымы өнер көрсетті.
4) TEDXASTANA 2021
Басты тақырыбы – SUPERNOVА
2021 жылы 4 қыркүйекте өтті
Алыста жарқ еткен сәулелер, ғарыштағы шамшырақтар, галактикадағы отшашулардан жаңа жұлдыздар мен керемет өзгерістер туатыны сияқты спикерлердің идеялары да үлкен бастамалардың қайнары ретінде қарастырылды.
Куратор Ольга Веселованың жетекшілігімен өнер көрмесі өтті.
«Ильхом» тәуелсіз театры перформанс ұсынды.
5) TEDXASTANA 2022
Басты тақырыбы – beywaqıt
2022 жылы 4 желтоқсанда өтті
Конференция аясында өзімізге және әлемге қатысты түсінігімізді өзгерткен 2022 жылғы оқиғаларды ескере отырып, сананы отарсыздандыру, тіл мәселесі, жадымен жұмыс, саясат және жаңа тарихи шындықта туындаған қоғам мәселелері талқыланды.
Куратор Ольга Веселованың жетекшілігімен көрме өтті.
Анатолий О мен Татьяна Кимнің поэтикалық қойылымы ұсынылды.
The Buhars, jeltoksan, Me and my invisible orchestra and Steppe sons шығармашылық топтары өнер көрсетті.

Жоба туралы қосымша ақпарат пен баяндамаларды https://tedxastana.com сайтынан таба аласыз.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.