ісін енді бастаған коллекционерлерге арналған сатылым көрмесі
24 - 25.12.2022 Республика алаңы, 2 (Howe дүкені жақтан кіресіз)
Сіздерге step by steppe қазақстандық заманауи өнер жобасын ұсынамыз. Бұл жоба коллекция жинауды енді бастаған адамдарға арналған. Көрмеге қазақстандық бес автор қатысады. Олар: Арыстанбек Шалбаев, Аружан Жұмабек, Ләззат Ханым, Мөлдір Сағындықова мен Ғалымжан Балсары. Авторлардың туындылары step by steppeкөрмесі үшін арнайы дайындалып, іріктеп алынды. Өнер туындыларын коллекциялауды көптен бері ойлап жүрген, алайда неден бастарын білмейтіндерге арнап куратор Оля Веселова мен галерист Санжар Серікпаев түрлі техникада, түрлі материалда, түрлі сюжет пен түрлі көркем тілде орындалған жұмыстарды жинақтады. Сіздерге өнерді қалай бағалап, өнер туындыларын не үшін сатып алу керегі жайлы әңгімелеп, өнер тарихындағы коллекционерлердің рөлі мен заманауи коллекционерлер қолданатын тәсілдер жайлы айтып бермекпіз.
Көрме аясында қазақстандық өнер туындыларын $100-$500 аралығындағы бағада сатып ала аласыз.
Жоба кураторлары: Оля Веселова мен Санжар Серікпаев
Ұйымдастырушылар: Occupy steppe және Art&Creative Solutions