Occupy Steppe
галерея-витрина

Ұйымдастырушылар: Visit Almaty, Occupy Steppe галереясы және Art&Creative Solutions қоры

Кураторлар: Санжар Серікпаев пен Оля Веселова
Мекенжайы: Қабанбай батыр көшесі, 83 (Назарбаев көшесі, 139)

Visit Almaty, Occupy Steppe галереясы және Art&Creative Solutions қоры заманауи өнер арқылы қалалық ландшафты алуан түрлі ету бойынша жоба ұсынады. Алматы тұрғындары мен қонақтары Қазақстан мен өңірдегі заманауи суретшілердің туындыларын тәулік бойы тамашалай алады. Әр ай сайын галерист Санжар Серікпаев пен арт-куратор Оля Веселованың жетекшілігімен галерея-витринаның экспозициясы өзгеріп тұрады. Галереяға келген көрермен көркем туындыларды тамашалап қана қоймай, шығарма мен оның авторы туралы ақпарат ала алады.
Visit Almaty осы жоба арқылы Алматының мәдени демалысына жаңа леп әкеліп, шетелдік және қазақстандық туристерге Қазақстан мен өңірдің өнерімен танысуға мүмкіндік бергісі келеді. Осы ынтымақтастық шеңберінде Occupy Steppe виртуалды галереясы заманауи өнерді ілгерілету үшін арнайы кеңістікке көшкен болса, Art&Creative Solutions қоры Алматының креатив ортасын қолдауға бағытталған алаңмен байланыс орнатты.
Occupy Steppe галерея-витринасы – қаланың тарихи бөлігінде орналасқан шағын экспозициялық кеңістік. Мұнда көркем туындыларды 24/7 тамашалауға болады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық материалдар ұсынылған.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.