Көркем қимыл мектебі
Заманауи өнер бойынша халықаралық білім беру алаңы

Негізін қалаушы: Оля Веселова
Тәлімгерлер: Юлия Сорокина мен Оля Веселова

2016 жылдан бастап ARTBAT FEST фестивалі аясында «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен «Көркем қимыл мектебі» заманауи өнер бойынша білім беру жобасы басталды. Мектепте Қазақстан, Қырғызстан, Германия мен АҚШ-тан 200-ден астам адам білім алды. Мектеп оқытушылары арасында Юлия Сорокина (Қазақстан), Михаил Акулов (Қазақстан), Алексей Улько (Өзбекстан), Сабина Шихлинская (Әзірбайжан), Валерия Недлина (Қазақстан), Дэвид Камински (Қазақстан), Қайрат Жаңабаев (Қазақстан), Маргарита Соловьева (Қазақстан), Рут Макленнан (Ұлыбритания), Вальдемар Татарчук (Польша), Вато Церетели (Грузия), Елена мен Виктор Воробьевтер (Қазақстан), Александр Угай (Қазақстан), Асхат Ахмедьяров (Қазақстан), Пайям Шарифи (Slavs & Tatars), Михаил Гулин (Беларусь), Ұлан Жапаров (Қырғызстан), Оля Кройтор (Ресей) және басқалары болды.

2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.