Көшкін
Суретшілер:
Дмитрий Ключевский
Шамиль Гулиев

Кураторлар: Оля Веселова, Санжар Серікпаев

Қар массасының қуатты, басқарылмайтын ағыны — көрерменді өзіне сіңіріп әкететін таңғажайып көрініс. Көптеген адам үшін апатты ауқым мен салдарға әкелуі мүмкін көрініс.

Өткен жылдың ақпанынан бері әлемді Ресей-Украина әскери қақтығысының көшкіні басып алды. Географиялық тұрғыдан Украина аумағында локализацияланған соғыс толқын болып бүкіл әлемге таралып, қақтығысқа қатысушы елдердің азаматтарын жаға шығарып жатыр. Осындай «көшкін шығарғандардың» бірі — мыңдаған басқа адамдармен бірге Алматыдан орын тепкен ресейлік композитор және суретші Дмитрий Ключевский. Ғаламдық апат жаппай көшуге алып келеді, бірақ сонымен қатар жеке шешімдер мен таңдауларға да әкеледі.

Дмитрийдің Қазақстанда болған кезінде жасаған жұмыстары әдейі алшақ, кейде тіпті визуалды тілі жағынан жылтыр журналға ұқсас, және аудио сүйемелдеуге қолдау көрсетеді, оны баса көрсетеді. Автордың композициялары оқиғалар көшкініндегі үрей мен дәрменсіздік күйіне толы. Ключевскийдің көрмеге қойылған жұмыстары үшін біріктіруші тақырыптардың бірі — үй сезімінің қайта ойлап табылуы — оның неден құралатыны және жаңа бастапқы нүктені қалай табуға болады. Таудың қайталанатын бейнесі осы екі мағынаны байланыстырады.

Бір жағынан, уақыт өткеннен қазіргі арқылы болашаққа ағып өтетін қайтымсыздығын жоғалтты, бізді Томас Маннның «Сиқырлы тау» романына еріксіз апарады; оның бас кейіпкері сапарға шықанда үш апталық демалысы жеті жылдық емдеу кезеңіне айналатынын әлі білмейді. «Уақыт та ұшады, та созылады, бірақ мәнінде орнында тұрады». Еске алсақ, уақыт Маннның өзін де біртүрлі метаморфозаға тартып алды: Бірінші дүниежүзілік соғыста Германияны қолдаудан бастап нацизмді қабылдамай 1933 жылы эмиграцияға кетуге дейін, кейіннен Германия азаматтығынан айырылуға дейінгі ұзақ жолдан өткен Манн өмірінің соңғы жылдарында барлық елдердің үкіметтеріне адамзатты құтқару үшін үндеу жасау идеясына құмартады, бірақ өлім оның соғысқа қарсы манифесін үзеді.

Екінші жағынан, таудың қайталанатын бейнесі Алматының табиғи ландшафтына таңғалдырады, сонымен бірге оның сейсмикалық ерекшеліктерін еске салады. Тау әркімнен үлкен, ол етегіндегі тұтас қаланың өмір сүруіне әсер ете алады. Алматының тарихы мұны бірнеше рет көрсетті, ал таулардың жақындығынан туған үрей сезімі — үйдің жаңа сезімі.

Көршілес мемлекеттер азаматтарының жаппай келуі қазақстандық қоғамға осы толқынды жалпықазақстандық ағымға ықпалдастыру бойынша ерекше жауапкершілік жүктейді. Дмитрий Ключевскийдің жұмыстарының көрмесін жасау арқылы біз оның жұмыстарын қазақстандық заманауи өнермен байланыстырғымыз келді. Осылайша, Дмитрийдің видео және графикасы Шамиль Гулиевтің пейзаждарымен диалогқа түседі. Алматы маңының ашық хат тәрізді, тартымды көріністері Алматы тауларына деген таңданысты көрсетеді.

Шамиль Гулиевтің 2008 жылғы «Голгофаға жол» жұмысы адам өлімінің трагедиясын сезініп, қатты әсер қалдырады. Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған жұмыс қазіргі уақыттағы жалғасып жатқан апатпен байланыста жаңа оқылымға ие болады.

Көрменің атмосферасы көрерменге басқалармен жақындық пен ортақ күйді сезінуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Біз шындықтан қашу емес, әлі де жалғасып жатқан жындылық туралы бірлескен рефлексия сағыныш күйін қабылдауға және әрі қарай қалай өмір сүру керектігін түсінуге көмектеседі деп сенеміз.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.