Jibek Joly телеарнасының таныстырылымын ұйымдастыру
Jibek Joly телеарнасы «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ құрылымына кіреді. Jibek Joly 2022 жылдың 1 қыркүйегінде қазақ және орыс тілдерінде хабар тарата бастады. Арна Silkway-дің отбасылық ойын-сауық түрі ретінде хабар таратады.
2022 жылдың күзінде Art&Creative Solution командасы Jibek Joly телеарнасының ребрендингінің таныстырылымын ұйымдастырды. Мұның аясында телеарнаның өзі ғана емес, сонымен қатар алдағы коллоборация және Қазақстанның шетелдегі медиаға ықпалы бойынша міндеттерді айқындау мақсатында ТРК-ның басқа да активтері таныстырылды.
Jibek Joly телеарнасының тұсаукесерін ұйымдастыру аясында біздің команда концепцияны, сценарий мен спикерлерді дайындап, іс-шараның барлық логистикасын қалыптастырды, сонымен қатар іс-шараны безендіруге, барлық қажетті анимациялық және видеоматериалдарды түсіріп, жасауға жауапты болды.
Іс-шара форматы екі бөлімнен тұрды:
1) телеарна тарихы, оның жаңа атауы арқылы ұсынатын жаңа стратегиясы туралы ақпаратты қамтыған интерактивті презентация, қазақстандық оптика арқылы әлемге не жайлы айту маңызды және Қазақстанның әлемде өз дауысы болуы тиіс екеніне тоқталатын спикерлер баяндамалары.
2) арнайы дайындалған екі перформанс: кино перформанс – арнайы тұрғызылған саман қабырғада «Түрксіб» фильмін көрсету; Steppe Sons ұжымының музыкалық перформансы.
Телеарна тұсаукесері аясында Астана қаласында алғаш рет «Түрксіб» фильмі көрсетілді. Фильм аты аңызға айналған маэстро, замандасымыз Қуат Шілдебаевтың музыкасымен сүйемелденді.
«Болат жол (Түрксіб)» — ақ-қара деректі фильм, әлемдік документалистикада аты танылған классик туынды. «Түрксіб» — әлемдік деректі классиканың тарихи отанына, қазіргі Қазақстан жеріне оралуы.
Фильмді 1930 жылдары Востоккино тресі түсірген. Бұл уақыт киноны ең маңызды идеологиялық құралдардың бірі деп таныған кезең ретінде және Кеңес одағын әлемдік кино әлеміне танытқан Сергей Эйзенштейн мен Дзиги Вертовтың есімдерімен тарихта қалған. «Түрксіб» пен оның авторы Виктор Турин де ерекше іслтипатқа ие — туынды ХХ ғасырдың ең үздік жиырма деректі фильмінің қатарына кіреді.
Қуат Шілдебаев бес бөлімнен тұратын 78 минуттық музыка жазды. Бұл фильм қазақ композиторы музыкасымен алғаш рет сүйемелденіп тұр, бұған дейін «Түрксіб» фильміне саундтректі кеңестік және британдық авторлар жазған болатын.
«Қазақстан туралы алғашқы деректі фильмді көрерменге ұсыну арқылы біз дәуірлер мен деректі фильмдер арасындағы байланысты көрсетсек дедік. Уақыт тынысын жеткізуде журналистердің, режиссерлер мен деректі фильм авторларының жұмысы қаншалықты маңызды екенін және олардың еңбегі арқылы болашақ ұрпақ біз сүрген уақытты зерттейтін жеткізгіміз келді.
Фильмді саман кірпіштен тұрғызылған қабырғада көрсетудегі мақсатымыз тарихи контексті ескеріп, көрерменге үйлері көбіне саман кірпіштен салынған қазақ заманын таныстыру болатын. Әртүрлі кірпіштен тұрғызылған қабырға ұрпақтар арасындағы байланыстың метфорасы іспеттес. Жеке тұлғалар өмірі жаһандық тарихты қалыптастыратыны сияқты осылай қалыптасады» — Art & Creative Solution.
Steppe Sons ұжымының музыкалық перформансы
Біздің ойымызша, Steppe Sons шығармашылығы телеарна философиясы музыкалық өнерде көрініс тапқандай әсер береді. Музыкалық топ MEJ — этноджаз бағытында жұмыс істейді, қазақ халық әуендері мен джаз формалары араластырып, заманауи стильде ұсынады. 30-дан астам қазақ халық аспаптары бір уақытта заманауи және шынайы дыбыс береді.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.