Expo Astana аумағының әлеуетін өнер арқылы арттыру
2021 жылдың жазы

Өзектілігі:
- аумақтың брендін дамыту
- қалада жайлы орта құру
- «Нұр-Әлем» сферасына келушілер санын арттыру
- астаналықтарға сапалы мәдени демалыс ұсыну
Неліктен EXPO аумағын дамытуда өнерге баса назар аударуған дұрыс деп санаймыз:
- Бүгінде әлемде және Қазақстанда креатив экономика жаңа тренд саналады. Қазақстандықтарға жолдаған кейінгі сөзінде Қ. Тоқаев креатив экономиканы қазақстандық бизнесті дамытудағы стратегиялық бағыт деп белгіледі. Ал өнер мен мәдениет креативті дамытудың негізі деуге болады.

- Заманауи қалалар өнеркәсіп орталығы мәртебесін жоғалтқан соң негізгі экономикасын қала тұрғындарының бос уақытына қызмет көрсетуге бағыттай бастады. Ал қаладағы ең сапалы демалыс өнер мен мәдениет негізінде қалыптасады.

- EXPO аумағының брендін прогрессив және мәртебелі демалыс-іскерлік орталығы ретінде қалыптастыру. Мысалы, Dubai Financial District тек қана бизнес және қаржылық іс-шаралардан бөлек, өз аумағында жыл сайынғы ART NIGNTS өнер фестивалін өткізеді, ал 2021 жылы ол ART DUBAI заманауи өнер жәрмеңкесінің басты алаңына айналды.
ART WALK КӨРМЕ
(тұрақты және уақытша өнер нысандары)
Мұнда орналасқан инсталляциялар жиынтығы аумақты аралап, өнерді тамашалауға шақырғандай әсер береді. Уақытша және тұрақты өнер нысандары арқылы EXPO аумағы нағыз «ашық аспан астындағы мұражайға» айналды. Кешеннің ерекше архитектурасы жаңа бірегей экспонаттармен толықты. Жаздың жақсы күнінде отбасыңызбен таза ауада серуендеп қана қоймай, сұлулыққа тамсанып, күнделікті қарбалас тірліктен алыстататын ерекше нәрсені көре аласыз. EXPO аумағында Молдақұл Нарымбетов, Саид Атабеков, Арыстанбек Шалбаев, Мұрат Ділманов, Алена Велар сияқты атақты қазақстандық суретшілердің, сонымен қатар ресейлік авторлар Андрей Люблинский мен Валерий Казастың ауқымды жұмыстарын тамашалай аласыз.
Publick art немесе қалалық кеңістіктегі өнерді ең демократиялық өнер десе болады. Мұнда өнер көрерменмен тікелей сөйлеседі, оның күнделікті өміріне енеді. Сондықтан қазіргі заманғы ірі және табысты қалалардың көпшілігінде олардың дамуына ықпал ететін қоғамдық өнер бағдарламалары бар. Өнер арқылы белгілі бір аумақтың ерекше көрінісі, бірегейлігі қалыптасады. Көрерменнің эмоциясын оятуға бағытталған өнер арқылы қала тұрғындары сол жермен эмоционал байланыс орнатып, қайта келуге асығатын болады.
Қызығушылық, жайлылық және эмоциялар адамдарды бір жерге қайта-қайта келуге ынталандырып, келушілердің тұрақты ағынын қалыптастырады.

ИНТЕРАКТИВ ИНСТАЛЛЯЦИЯЛАР АЙМАҒЫ
Адам өнерді тамашалап қана емес, оған қатысу арқылы да керемет әсер ала алатынын жасырын емес. Қандай да бір ерекше әрекетке қатысу адамда жаңа эмоциялар мен сезімдерді тудырады. Оны көрермен жақындарымен, достарымен және әлеуметтік желілерде бөлісуге дайын. Дәл осы «ауыздан ауызға жететін» әсерлер EXPO аумағына деген қызығушылықты арттырып, оны танымал ете түседі.
МӘДЕНИ-БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
балалар мен жасөспірімдерге арналған
EXPO аумағында балалар мен жасөспірімдер үшін демалыс орталығы түріндегі қызықты аймақ қарастырылған. Бұл балалар мен жасөспірімдер үшін ойын-сауық және демалысы орны ғана емес, сонымен қатар жаңа білім алып, шығармашылық және зияткерлік машықтарын дамыту мүмкіндігін береді. Мұнда балаларды киіз басу, акварель, оригами өнері, флористика және т.б. бойынша сабақтар күтеді.
КӨШЕДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
EXPO аумағын жандандыру мақсатына жетудің маңызды бөлігі – сапалы мәдени демалыс ұйымдастыру. Бұл бағдарлама астаналықтарға қазақстандық заманауи музыканттарды таныстыру мақсатында әзірленген. Сонымен қатар EXPO – қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға арналған алаң. Оған ат салысу арқылы біз еліміз үшін үлкен маңызға ие креатив экономиканың дамуына ықпал ете аламыз. Өздеріңіз білетіндей, мәдениет саласын «жаңа мұнай» деп атайды және EXPO аумағындағы бағдарлама біздің республикамыздағы креатив индустрияның қалыптасуына серпін бере алады.
АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ КӨРМЕЛЕР
Жоғарыда айтылғандардан басқа қоғамдық өнерден бөлек, фотография да тағы бір маңызды өнер түрі саналады. «Нұр-Әлем» павильонының кіреберісінде ең үздік қазақстандық және халықаралық фотографтардың туындылары ұсынылған. Олар: Бауыржан Бисмилдин, Зарина Зоман, Марио Хеллер, Бауыржан Сәбитов, Сабина Қуанғалиева және басқалар.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.