Білім бағы
Қазақстанда алманы зерттеу ғылымы туралы экспозиция

Alma Museum Almaty
«Алматы» қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 85

Кураторы: Оля Веселова
Бір жағынан бақ қала кеңістігінде табиғи ландшафты қайталау амалы сияқты. Ал екінші жағынан, бұл қала тұрғынының әлем жайлы түсінігін қалыптастыратын идеяларды жеткізу тәсілі. Әртүрлі дәуір адамдары бау-бақшаны жобалау арқылы сол уақыт пен орынға тән көркемдік талғамды, этикалық-діни түсініктер жүйесін және ғылымның даму деңгейін бір-біріне жеткізіп отырған.

Біз Білім бағында өнер мен ғылым тілін біріктіріп, адамзат білімінің синтезін көрсеткіміз келді. Көрерменнің түрлі сезім мүшелеріне әсер ету арқылы аймағымыздағы алма тарихын баяндаймыз. Алматы бөктерінен бастау алған алмалар біздің мәдени-тарихи ландшафтымыздың ажырамас бөлігіне айналады деп үміттенеміз.
30 миллион жылдан астам уақыт бұрын пайда болған Сиверс Жабайы алма ағашы – Malus sieversii-ден бастап, оның күллі әлемге таралу жолымен және алма ағашының даму тарихымен таныса аламыз. Көрменің эстетикалық шешімінің негізі ретінде белгілі ғалым А.Жанғалиевтің «Қазақстанның жабайы алма ағашы» атты кітабы алынды. 1977 жылы жарық көрген ботаник монографиясы Malus sieversii-ді зерттеудегі маңызды еңбектердің бірі. Осы монографияның арқасында Сиверс алма ағашын бүкіл әлем білді. Кітаптың визуал коды арқылы аймағымыздың алма тарихын баяндасақ дейміз.

Оля Веселова, кураторы

2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.