Есіктің ар жағында
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әлеуметтік арт-жоба
23.09 - 09.10.2022

ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы

Жоба Citrix және Binance компанияларының бастамасымен, Art&Creative Solutions қорының қатысуымен жүзеге асырылды.
Кураторы: Оля Веселова

Қатысушылар:
Бахыт Бубиканова
Аружан Жұмабек
Зоя Фалькова
Мөлдір Сағындықова
Дария Темірхан
Qara Studios
Татьяна Кимнің «Мен 5000 жастамын» иммерсивті перфомансы
Сезіну, қабылдау, ойлану, есте сақтау, зейін, қиял және сөйлеу. Мұның бәрі таным процестері. Соңғы ондаған жылдар бойы философия мен психология «Сананың ұлы иллюзиясы» мәселесін зерттеуде. Біз көрген және қабылдаған нәрселерге бұлтарпас ақиқаттай сенуге (өзіміз ойлағаннан да бетер) бейімбіз. Бұл сенім – сананың ұлы иллюзиясы. Әлем біздің қабылдауымыздағыдай болмауы мүмкін. Осы сенімнің «ар жағына» үңілуге, басқаларға жанашырлық таныта отырып, сізге беймәлім нәрсені байқауға шақырамыз.
«Есіктің ар жағында» көркемдік жобасы арқылы біз Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударғымыз келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының шынайы оқиғаларын өнер арқылы жеткізіп, көрерменді бұл мәселеге бей-жай қарамауға шақырамыз. Санаңызда қиын тағдырлар жайлы ой қорытып, күрделі сұрақтарға ашық болғаныңызды қалаймыз. Өйткені мұнда бір адамның екінші адамға қиянат жасай алатынын байқайсыз.
Көрме бес жан түршігерлік оқиғаны біріктіреді. Мұнда жан жарасын бөлісуде батылдық танытқан бес әйелдің видео-портреті және осы трагедияларға негізделген бес өнер нысаны ұсынылған.
«Есіктің ар жағында» жобасы өнермен диалог жүргізу арқылы басқа адамның қайғысына ортақтасуға мүмкіндік береді. Қазақстандық қоғамда жақын арада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне төзуге мүлдем жол берілмейді деп армандаймыз. Осылайша «зорлық-зомбылық циклі» үзіледі деп сенеміз.

2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.