АРТ ПРОСПЕКТ
резиденциялар бағдарламасы

CEC Arts Link қорымен серіктестікте ұйымдастырылды

АРТ ПРОСПЕКТ суретшілер мен кураторларға зерттеу жүргізуге, жаңа туынды жасауға, жергілікті көркемөнер қауымдастығымен танысуға және Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украинадағы өнер ұйымдарымен серіктестікте арнайы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бір айлық резиденциялардың әрқайсы құрылымы бойынша қабылдаушы ұйымдар және шақырылған суретшілер мен кураторлардың мүдделеріне негізделген. Жоба резиденттерге жергілікті өнер қауымдастығы туралы көбірек білуге, өз жобаларын дамытып, өз өнері мен туған мәдениеті туралы ақпаратты жергілікті аудиторияға бөлісуге жол ашады.
АРТ ПРОСПЕКТ резиденциялар бағдарламасы жоба суретшілері және кураторлары мен АҚШ суретшілері және кураторлары арасында әлеуметтік өнер және/немесе қоғамдық кеңістіктегі өнер бойынша тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнатуға баса назар аударады. Желідегі серіктес ұйымдардың әрқайсы бірлескен жоба жасау мақсатында америкалық әріптестеріне арнап бір айлық резиденция ұйымдастырады: қоғамдық кеңістіктегі өнер фестивалі, оқыту іс-шаралары мен бағдарламалары, тәуелсіз өнер жобалары және т. б. Бірлескен жұмыс резиденцияның мақсаты мен құрылымын, өзара мүдделер мен қажеттіліктерді, жалпы мәселелер мен стратегияларды анықтауға мүмкіндік береді.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.