ARTPOINT
қоғамдық-мәдени кеңістік

Алматы, 2015 ж

ARTPOINT – Қазақстандағы жаңа үлгідегі ашық қоғамдық кеңістік. Бүгінгі күні қоғамдық кеңістік дегенде адамдардың ойына көпшілікке арналған орындар келеді. Демалатын жер деген түсінік те қалыптасқан. Бұдан бөлек, қоғамдық кеңістік – қоғамның әрбір мүшесі шығармашылық пікір еркіндігі құқығын қолдана алатын әлеуметтік келісім орны. Өз жобамызда әлеуметтік кеңістік дегенді дәл осылай түсінеміз. Жобаның басты құндылығы – қоғам санасында өзгеріске деген сұранысты қалыптастырып, азаматтарды қоғам өміріне тарту.
Іс жүзінде ARTPOINT қоғамдық-мәдени кеңістігі – қажеттілікке қарай, қала мен ел ішінде еркін «жүріп-тұра» алатын мәдени орталық. Өйткені қоғамдық кеңістік әуелі материалдық емес, менталдық ұғым.
Жоба «Еуразиялық мәдени Альянс» ҚБ және British Council Kazakhstan-мен серіктестікте ұйымдастырылды.
2015 жылдың 04 шілдесі мен 26 қыркүйегі аралығында ARTPOINT кеңістігінде 70-тен астам іс-шара өткізіліп, оған 45 мыңға жуық адам қатысты. vlast.kz интернет-журналы ARTPOINT бастамасын жылдың мәдени жобасы деп атады.
2023 Art and Creative Solutions. Барлық құқық қорғалған.